Ответы 1
Ответ:
Қоғам құндылықтарының бірі – еркіндік пен теңдік. Біріншіден назар аударатын нәрсе – әрбір қоғам өз даму деңгейіне сәйкес еркіндік пен теңдіктің белгілі бір мөлшерін анықтап, өмірге енгізеді. Еркіндік – адамның тектік қасиеті. Еркіндіктің негізінде ғана адам шығармашылық дәрежеге көтеріліп, бойындағы қабілеттерін, талантын іске асыра алады.
Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе – еріктік шеңберін сапалы заңдар арқылы анықтап, өмірге енгізу болмақ. Саясаттану тілінде оны «адам құқықтары» дейді.
Сонымен қатар қоғам өмірінде мейірімділік, қайырымдылық рухы әрбір азаматтың ішкі дүниесіне айналуы керек.
Жоғарыда көрсетілген құндылықтарды өмірге енгізудегі құқық нормаларының орны ерекше. Жалпы алғанда, құқық деп біз әлеуметтік нормалар мен қарым-қатынастардың мемлекеттің күшімен қорғалатын, сондықтан олардың талаптары жалпыға бірдей қадағаланатын ерекше түрлерін айтамыз. Олай дейтін себебіміз, қоғам өмірінде басқа да әлеуметтік нормалар бар, мысалы, діни, моральдық, эстетикалық т.б. Құқық құндылықтары – цивилизациялық даму деңгейінің туындысы, өйткені олардың өмір сүруі мемлекетпен тығыз байланысты. Оларды екіге бөлуге болады. Біріншіден, табиғи құқықтарға тоқталатын болсақ, олардың ішіндегі іргелі негізгі құндылық – адамның өмір сүру құқығы. Келесі құқық – адам еркіндігі, өйткені ол – тағы да оның рухани жаратылыс иесі ретіндегі тектік қасиеті. Теңдік құқығы да осыларға жатады, өйткені барлық адам бұл дүниеге бірдей келіп, соңында кетеді. М. Вебердің айтуынша, табиғи құқықтар деп мемлекет қабылдайтын заңдарға қарсы қойылатын, олардан жоғары тұрған әділетті құқықтар жөніндегі түсініктерді айтуға болады.
Адам және азамат құқығын қарастыру алдында «адам», «жеке адам», «азамат» санаттарының арақатынасын білу маңызды. «Адам» ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. «Жеке адам» ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі керек.
«Азамат» ұғымы адамды заңды тұрғыда сипаттайды, яғни адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланысын қарастырады.
Адам құқығы – адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заңмен қорғалатын демократиялық құндылық. Адам құқығына мынадай белгілер тән: олар қоғамдағы өмір жағдайының үнемі өзгеріп отыруына байланысты адамның табиғи және әлеуметтік мәнділігі негізінде туындайды және дамиды; объективті түрде қалыптасады және мемлекеттің мойындауына тәуелді емес; туғанынан беріледі; табиғи қажеттілік болып саналады, ажыратылмас сипатта болады; ең жоғары әлеуметтік құндылық болып танылады.
Құқықтың қажетті бөлігі адамның өмір сүруінің нақты бір тұрпатын білдіреді; жеке адамның өз қалауынша әрекет жасауына мүмкіндік жасайтын, сөйтіп нақты бір игіліктер алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастарды тұжырымдайтын кағидаттар мен нормаларды білдіреді; оларды мойындау, сақтау және қорғау – мемлекеттің міндеті.
Адамның өмір сүруі мен лайықты өмір сүру құқығын жүзеге асыру үшін оның дүниеге келуі ғана жеткілікті. Ал басқаша құқықтарын жүзеге асыру үшін адамда азамат, жеке адам қасиеттері болуы шарт. Адамның құқы мен бостандығы табиғи және ажыратылмас болады, туғаннан бастап беріледі және жоғары құндылық болып саналады. Мемлекеттің міндеті – адам құқықтарын сақтау, қорғау және мойындау. Мемлекет өзінің азаматтарын жеке адамның қажеттілігіне сәйкес келетін құқық пен бостандықтармен қамтамасыз етуге міндетті. Құқықтық мемлекеттің бірден-бір негізгі ерекшелігі – заң өмірге еніп, қабылданғаннан кейін бұлжытпай орындалуы керек. Бұл, әсіресе, мемлекеттік қызметтегі лауызымды азаматтардың қоғам алдындағы парызы десек те болады.
Объяснение:
ответы на свои вопросы
вопросы?