Вопрос по Қазақ тiлi
Анонимный
3 года назад

2. Берілген сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құра.
Төбешіктен сырғанау, шаңғы, тоңу, мұз, аққала жасау,
қырау, үйрету, мәнерлеп сырғанау, қарды домалату.​

Ответы 1

Ответ:

Міне қыс мезгілі де келді. Терезеге қырау өз өрнегін салыпты. Кеше түнде қар жапалақтап жауып тұрды. Мені досым таңертең (досыңның аты, мысалы Жансая) төбешіктен сырғанауға шақырды. Мен далаға шықтым, айнала аппақ. Көрініс тамаша! Біз Жансаямен бірге төбешіктен шаңғымен сырғанадық. Бізге тағы көршілес достарым қосылды, біз олармен бірге қарды домалатып, үлкен аққала жасадық. Әркім үйінен сәбіз, сыпырғыш, шелек, шарф алып келді. Аққала жасау өте қызықты болды. Біз тоңып қалдық, бетіміз алмадай қызарып, әркім өз үйіне тарады. Кешке отбасыммен мұзға барып сырғанауға келістік. Мен мәнерлеп сырғанап білмедім, маған әпкем немесе ағам үйретті, тез үйреніп алдым. Осылай менің қыс мезгіліндегі бір қызықты күнім өтті!

Премиум статус
Получайте самые быстрые
ответы на свои вопросы
У вас остались
вопросы?