Вопрос по Қазақ тiлi
Анонимный
6 лет назад

Қойдың неше түрі бар

Ответы 1

Ответ:

Қойдың тұқым түрлері.

Дүние жүзінде кең тарағандықтан, қой тұқымдары да көптеп саналады. Негізгі өнімдік бағытына қарай Қазақстанда он беске тарта қой тұқымы бар. Қойдың тұқымдық топтары биязы жүнді, биязылау жүнді, қылшық жүнді және ұяң жүнді болып төртке бөлінеді. Солардың ішінде республикамызда жергілікті табиғи - шаруашылық жағдайларына бейімделген еділбай қойы, қазақтың биязы жүнді қойы, арқар - меринос, солтүстік қазақ мериносы, оңтүстік қазақ мериносы, дегерес, қаракөл қойлары өсіріледі. Ақтөбе облысының кейбір аудандарында сараджа, совет мериносы, Алматы облысында - Австралия мериносы, қазақтың биязылау жүнді қойы, қазақтың ақ қылшық жүнді сарыарқа қойы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында - кроссберд типті қой тұқымдары, Батыс Қазақстан облысында - ақжайық қойы кездеседі. Олардың басым көпшілігі биязы жүнді тұқымдарға жатады. Тек дегерес, қазақстың биязылау жүнді қойы, цигай және кроссберд типті қой тұқымдары ғана биязылау жүнді, ал еділбай, қазақтың құйрықты қойы, қаракөл, сарыарқа, сараджа қойлары қыошық жүнді қой тұқымдарына жатады.  

Премиум статус
Получайте самые быстрые
ответы на свои вопросы
У вас остались
вопросы?