Вопрос по Қазақ тiлi
Анонимный
1 год назад

Отбасы құндылығын қалай қалыптастырамыз? эссе 170-200 сөз​

Ответы 1

Отбасы құндылығын қалай қалыптастырамыз?

Отбасы – сенің туғандарың, ең жақын жандарың. "Отбасының өнегесі – Отан өнегесі" демекші, отбасындағы тәрбие ертең ел болашағында үлкен рөл атқарады.

Отбасының бақытты болуы аса маңызды. Ал бақытты отбасы отбасылық құндылықтарды ескеріп, сақтай алуы керек. Бақытты отбасында, ең алдымен, түсіністік пен сыйластық болуы керек. Отбасы мүшелері бір-біріне қол ұшын созуға, қолдауға дайын болуы қажет.

Отбасында үндестік орнаса, ол отбасы бақытты саналмақ. Яғни, жағдайлары жақсы болса және жоғарыда аталып кеткендей қағидалардың бәрі сақталып, үндессе отбасы нағыз бақытты отбасы болады деп білемін.

Ұлы Абай өзінің жетінші қара сөзінде тәнге және жанға құмар боп туатын екі түрлі мінезді баланы сөз еткендей, баланың жанды тануға құмар, рухани бай болып өсуі отбасындағы тәрбиеге байланысты. Бала мінезі тәрбиеден нәр алады, өсе келе көрген-білгенін жасайды. Сондықтан тәрбиеге баса назар аударған жөн.

Қазақ отбасы әрдайым ұлын да, қызын да сыпайы болуға баулыған. "Үлкенге құрмет, кішіге ізет" көрсет деп миға тоқыған. Сыпайылықтан сен ұтылмайсың. Керісінше, өзге адамдарды өзіңе баурайсың. Әсіресе, қазақ қыздарының бойынан сыпайылықты күткен. Егер "Сіздің қызыңыз тәрбиелі,сыпайы" екен десе, үлкен мақтаныш деп білемін. Осындай рухани құндылықтарды қалыптастыру үшін отбасыда белгілі бір дәстүрлі шаралар, басқосулар, диалогтар өтіп тұруы керек. Әңгімелесу, көмек сұрау, көмектесу арқылы осы құндылықтарды сақтауға болады.

#SPJ1

Премиум статус
Получайте самые быстрые
ответы на свои вопросы
У вас остались
вопросы?