Вопрос по Қазақ тiлi
Анонимный
1 год назад

Ынтымақ түбі-бірлікте эссе​

Ответы 1

Ынтымақ түбі - бірлікте

Бірлік - ең ұлы құндылықтардың бірі. Достықсыз, бірліксіз өмірді елестетуге келмейді десек те болады. Халқымыз "жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын" деп бекер айтпаған. Ынтымақтастық арқылы сен қуанышыңды да,қайғыңды да бөлісе аласың. Достарыңмен бірге кез келген қиындыққа төтеп беру - ең үлкен жеңістердің бірі.

"Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деген екен ата-бабамыз. Расында, адамдар арасында татулық орнаса,алынбайтын қамал болмайды. Тарихымыздағы халық басына күн туып, жаугершілік заман болғанда хандарымыз бен билеріміз халықты бірлікке,татулыққа шақырған. Осылайша олар бір-екеу емес,бірнеше болып жауға тойтарыс берген.

Қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Бұл - біздің татулығымыздың, достығымыздың көрсеткіші.Қандай жағдай болмасын,осы берекелі күнімізден айырылмауға тырысайық.Себебі, татулық пен достық - біздің таптырмас бақытымыз бен байлығымыз.

#SPJ1

Премиум статус
Получайте самые быстрые
ответы на свои вопросы
У вас остались
вопросы?