Вопрос по Қазақ тiлi
Анонимный
2 года назад

тортай мінер ақ бозат табиғат көрінісі​

Ответы 1

Ответ:Салықсалғанның иығында отырған ауылдың көрінісінен бастау алатын әңгіме табиғаттың сиқырымен оқырманды бірден баурап алады. «...Шілденің дәл ортасы болса да, бұл жерде қоңыр салқын, бұлтсыз күндері тамылжыған тамаша мезгіл басталушы еді. Не ыстық емес, не суық емес жайлаудың жайма-шуақ сәтінде төбеңде көкпеңбек болып төңкеріліп тұрар аспанға қарағайдың бүршігін лақтырып ойнайсың. Қанша құласаң, ауырсынбайтын, қанша аунасаң, жапырылмайтын күлтеленген күреңсе балапан табанымызға кілемдей жұмсақ тиюші еді-ау. Теңіз бетінен қаншама биік болғанмен, осы Салықсалғанның кез келген жерінен жер ошақ қазсаң, көлкілдеген су шыға келетін. Әсіресе жаңбырлы күндері қырдан құлаған бұлақ лайсаңға айналып, шошайтып-шошайтып қарағай бөренеден қиып салған үйлердің мазасын кетіретін...» Дәл осы пейзаждың шынайылығы мен ерекшелегі «Қанша құласаң, ауырсынбайтын, қанша аунасаң, жапырылмайтын күлтеленген күреңсе балапан табанымызға кілемдей жұмсақ тиюші еді-ау...» деген тұстан көрінетіндей.

Премиум статус
Получайте самые быстрые
ответы на свои вопросы
У вас остались
вопросы?