Вопрос по Қазақ тiлi
Анонимный
2 года назад

Келешектің мамандықтары Мәтін бөліктерін дұрыс орналастырып, диалог құр. 1 – Сен білесің бе, инженер, математик, сәулетші, биолог, IT-маман, бизнесті дамы және сатылым менеджерлері үшін, аталған мамандық бойынша білім алушыла тамаша жаңалық бар. Олар үшін алтын кезең тумақ. Сондықтан да сенің мамандығың сұранысқа ие, сен жұмыссыз қалмайсың. – Иә, естігем. Ал өзге мамандықтар үшін ше? - Олар үшін қиын уақыт басталады. Дүниежүзілік экономикалық форум мамандарының пікірінше, таяу жылдары мына мамандықтарға деген сұраныс төмендейді: құрылысшы, өндіріс жұмысшылары, кеңсе және әкімшілік қызметі тілшілер мен сәнгерлер. 1 OnlineMektep - Bili...​

Ответы 2

Вот ответ

- Сәлем, Зағира!

- Сәлем, Маржан, оқуың қалай?

- Жақсымын, мен инженер-математик мамандығында оқимын ғой, оқу өте ауыр, біраз қиналып жүрмін.  

Келешектің мамандықтары

Мәтін бөліктерін дұрыс орналастырып, диалог құр.

– Сәлем, Зағира!

– Сәлем, Маржан, оқуың қалай?

– Жақсымын, мен инженер-математик мамандығында оқимын ғой, оқу өте ауыр, біраз қиналып жүрмін.

– Сен білесің бе, инженер, математик, сәулетші, биолог, ІТ-маман, бизнесті дамыту және сатылым менеджерлері үшін, аталған мамандық бойынша білім алушылар үшін тамаша жаңалық бар. Олар үшін алтын кезең тумақ. Сондықтан да сенің мамандығың сұранысқа ие, сен жұмыссыз қалмайсың.

– Иә, естігем. Ал өзге мамандықтар үшін ше?

– Олар үшін қиын уақыт басталады. Дүниежүзілік экономикалық форум мамандарының пікірінше, таяу жылдары мына мамандықтарға деген сұраныс төмендейді: құрылысшы, өндіріс жұмысшылары, кеңсе және әкімшілік қызметкерлері, тілшілер мен сәнгерлер.

– Сонымен қатар құрылысшылар мен жұмысшыларды да 3D принтерлер мен роботтар алмастырады екен.

БҰҰ баяндамасына сәйкес, дамушы елдердегі роботтандыру электротехника және автокөлік саласындағы қызметкерлердің үштен екі бөлігінің орнын баспақ. Сонда 3D принтерлер құрылысышылардың да 50%-ын жұмыссыз қалдырады.

– Ал жүргізушілерді жақын күндерде автопилот алмастырады екен.

– Мамандардың ойынша, ерте ме, кеш пе, роботтар көптеген мамандықта адамдарды алмастырады. Сонда адамдардың басым көпшілігі өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды.

– Онда көптеген адамдар не істеуі керек?

– Кәсібилікке, қосымша машықтарға деген сұраныс та ұлғаяды, сондықтан оқу, іздену, үнемі даму үстінде болуы керек.

– Дұрыс айтасың. Үнемі ізденіп, біліктілігін көрсете алатын адамдар үнемі сұранысқа ие болар. Сенімен пікірлескен маған ұнайды.

– Маған да сенің пікірің өте маңызды, досым.

– Жақсы, кездескенше!

– Сау бол!

2.5 2 оценки
Премиум статус
Получайте самые быстрые
ответы на свои вопросы
У вас остались
вопросы?